11 шілдеде докторантураға түсу емтиханына (ДТЕ) қатысуға өтініш қабылдау басталады және 2024 жылғы 3 тамызға дейін жалғасады.
Түсу емтиханына қатысуға тіркелу ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының http://app.testcenter.kz/ сайтында өтеді. Докторантураға түсу үшін тек бір жоғары оқу орны мен білім беру бағдарламаларының бір тобын ғана таңдауға болатындығын ескертеміз. Егер түсушіге берілген өтінішке (тестілеуді тапсыру қаласы, білім беру бағдарламаларының тобы, тестілеуді тапсыру тілі) өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, оған өтініштерді қабылдау жүйесі жабылғанға дейін (3 тамызға дейін) өтінішті өңдеу немесе жою мүмкіндігі беріледі. Тестілеуді өткізу орны мен уақыты туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде 9 тамызда қолжетімді болады.
Түсу емтиханына әңгімелесу, эссе жазу және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан кіреді. Жалпы, түсу емтиханының ең жоғары көрсеткіші 100 балл, оның ішінде әңгімелесу – 30 балл, эссе – 20 балл, бейіні бойынша емтихан сұрақтары – 50 балды құрайды. Ал мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл 75 балды құрайды.
Докторантураға түсу үшін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат және шет тілін меңгергенін растайтын сертификат ұсыну қажет. TOEFL ITP сертификаты бар тұлғалар ДТЕ басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді тапсырады. Атап өтсек, 2024 жылы шет тілін меңгергенін растайтын сертификаттардың шекті деңгейлері B1-ге дейін төмендетілді және тізімге TOEIC және Duolingo English Test сертификаттары енгізілді.
2024-2025 оқу жылына арналған PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы (ҚазҰлтҚызПУ)
|
Білім беру бағдарламалары топтарының коды |
Білім беру бағдарламалары топтарының атауы |
Орын саны |
Оның ішінде нысаналы орындар |
Мекеме атауы |
|
|
D010 |
Математика мұғалімдерін даярлау |
4 |
|
|
|
|
D011 |
Физика мұғалімдерін даярлау |
2 |
|
|
|
|
D012 |
Информатика педагогтарын даярлау |
5 |
|
|
|
|
D013 |
Химия педагогтарын даярлау |
1 |
|
|
|
|
D014 |
Биология педагогтарын даярлау |
4 |
|
|
|
|
D015 |
География педагогтарын даярлау |
2 |
|
|
|
|
D017 |
Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтарын даярлау |
6 |
|
|
|
|
D018 |
Орыс тілі мен әдебиеті педагогтарын даярлау |
5 |
|
|
|
|
D019 |
Шет тілі педагогтерін даярлау |
7 |
|
|
|
|
D060 |
Филология |
4 |
1 |
"Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
|
|
D089 |
Химия |
2 |
|
|
|
|
D090 |
Физика |
2 |
|
|
|
|
Барлығы |
44 |
1 |
|
||
Нысаналы гранттар
|
Білім беру бағдарламалары топтарының коды |
Білім беру бағдарламалары топтарының атауы |
Нысаналы орындар |
Мекеме атауы |
|
D005
|
Дене шынықтыру педагогтерін даярлау |
1 |
"Қазақ спорт және туризм академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
|
D006 |
Музыка педагогтерін даярлау |
2 |
"Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
|
D021 |
Арнайы педагогика |
1 |
"Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
|
D083
|
Геоботаника
|
1 |
"Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
|
D114 |
Тоқыма: киім, аяқ киім және былғарыдан жасалған бұйымдар |
1 |
"М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы " коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
|
Барлығы: |
6 |
|
|
