Құрметті студенттер, оқытушылар мен қызметкерлер!

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Erasmus+ International Credit Mobility (EMIC) 2024/2027 бағдарламасы аясында 2025/2026 оқу жылына арналған академиялық ұтқырлықтың екінші кезеңіне өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі – 2025 жылдың 23 қарашасына дейін.

Грант саны, ұтқырлықтың ұзақтығы, қаржыландыру көлемі мен мамандықтар тізімі туралы толық ақпаратты мына  сілтемеден таба аласыз: 

Веб-сайт француз тілінде ұсынылғанымен, бетте ағылшын тіліндегі “Guide for Applicants” (Өтініш берушілерге арналған нұсқаулық) құжаты бар.

Барлық студенттерді, оқытушылар мен әкімшілік қызметкерлерді сайттағы нұсқаулықтармен мұқият танысып, өз мүмкіндіктерін пайдалануға шақырамыз.

Сондай-ақ, жаңартылған EMIC бағдарламасының постерін мына    сілтеме    арқылы жүктей аласыз: 

Назар аударыңыз! Бұл екінші кезең бойынша өтінім қабылдау тек бір ай ғана ашық болады. Өтінімдер Emundus онлайн платформасы арқылы қабылданып, бағаланады.

Сұрақтар бойынша:
Бағдарлама үйлестірушісі – Нұртаза Айдана Нұралықызы
E-mail: nurtaza.a@qyzpu.edu.kz

Барша үміткерлерге сәттілік тілейміз!