5 қараша күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Айнагүл Қапасқызы Ершинаның жаңа еңбектерінің тұсаукесер рәсімі өтеді.
Іс-шара аясында ғалымның «Ағын теориясы» атты оқулығы мен «Механикалық қондырғылар», «Теория и практика использования возобновляемых источников энергии» атты оқу құралдары көпшілік назарына ұсынылады. Ұсынылған еңбектер болашақ инженерлер мен энергетика саласының мамандарына арналған сапалы оқу ресурсы болмақ.
Айнагүл Қапасқызы – QyzPU түлегі, 54 жылдан астам уақыт бойы еліміздің ғылым мен білім саласының дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан жоғары білікті ұстаз. Ол бірнеше буын педагог-физиктерді тәрбиелеп, ұлттық ғылыми мектептің қалыптасуына өзіндік қолтаңбасын қалдырған.
Тұсаукесерге еліміздің жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарының өкілдері қатысады.
Өтетін күні: 5 қараша 2025 жыл
Уақыты: 16:00
Өтетін орны: №1 оқу ғимараты, 215-конференц-зал
Сіздерді қатысуға шақырамыз!
