Құрметті ата-аналар!
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024–2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру шеңберінде іске асырылып жатқан AP23490817 «Өзіндік рефлексия – отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуда ата-аналардың психологиялық мәдениетін қалыптастырудың құралы ретінде» тақырыбындағы жоба аясында ата-аналарға арналған тегін психологиялық кеңес беру шарасы ұйымдастырылады. Жобаның ғылыми жетекшісі – психология ғылымдарының кандидаты, профессор Мариям Бапаева.
Кеңес берудің негізгі мақсаты – ата-аналардың психологиялық мәдениетін арттыру, өзіндік рефлексия дағдыларын дамыту арқылы отбасындағы өзара түсіністік пен эмоциялық тепе-теңдікті нығайту.
Қосымша ақпарат:
Мекенжай: Алматы қаласы, Гоголь көшесі 114, 105-кабинет
Толығырақ білу үшін: +7 702 486 9705
E-mail: kuantkanova.f@qyzpu.edu.kz
Кеңеске жазылу үшін QR-кодты сканерлеңіз:

