Құрметті QyzPU ұжымы!

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 8D01703 – «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертацияларды қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңес жанынан ғылыми семинар өтеді.

Семинар барысында Райханова Данара Курмановна өзінің «Қазақстанның жоғары оқу орындарында химия-биология мамандықтары үшін ‘Арнайы мақсаттарға арналған ағылшын тілі’ курсының оқу жоспарын әзірлеу» тақырыбындағы докторлық диссертациясын таныстырады.

Іс-шара онлайн және оффлайн форматта өткізіледі.

Күні: 19 қараша 2025 жыл
Уақыты: 15:00
Өтетін орны: Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 114, 215 конференц-зал

Семинар жұмысына белсенді қатысуға шақырамыз!