«Сапалы білім – тұрақты дамудың негізі: ТДМ 4 көрсеткіштерін іске асыру жолдары» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің оқу-әдістемелік бірлестігі – жобаларды басқару топтарының (РОӘК ОӘБ-ЖБТ) отырысы

«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ жанындағы ОӘБ-ЖБТ 012 – Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы, 013 – Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау, 018 – Әлеуметтік педагогика мамандарын даярлау бағыттары бойынша отырысы өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Отырыс 2025 жылғы 10 қарашада сағат 10:00-де Алматы қаласы, Гоголь көшесі 114к1, Бас оқу ғимараты, №107 мәжіліс залында өтеді.

Кездесуге онлайн қатысушылар төменде көрсетілген сілтеме немесе идентификатор арқылы отырысқа қосыла алады.

Онлайн форматта қатысушыларға сілтеме: https://zoom.us/j/99629095018?pwd=BTBs4XirqDGBpSQZoMVL14ipajHN7q.1
Конференция идентификаторы: 996 2909 5018  Қосылу коды: 101978

Отырыста Мичиган университетінің, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесінің, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, Қазақстан шахмат федерациясының, сондай-ақ еліміздің жетекші педагогикалық жоғары оқу орындарының өкілдері баяндама жасайды.

Іс-шараның мақсаты – педагогикалық білім беру сапасын арттыру, тәжірибе алмасу және тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ 4) жүзеге асыру мәселелерін талқылау.

Барша мүдделі тараптарды педагогикалық білім беру саласындағы өзекті мәселелерді бірлесе талқылауға және тәжірибе алмасуға шақырамыз.

Бұл отырыс еліміздің білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған пікір алмасу мен ынтымақтастық алаңы болмақ.