Құрметті студенттер!

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Қытай Халық Республикасының Хубэй университетіне 2025/2026 оқу жылының көктемгі (ІІ) семестріне арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасына өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды.

Бағдарламаға университеттің 2-курс студенттері қатыса алады. Бұл – шетелдік жоғары оқу орнында білім алу, тәжірибе алмасу және халықаралық академиялық ортада кәсіби әрі тұлғалық тұрғыда дамуға зор мүмкіндік.

Өтінімдерді тапсыру үшін төмендегі сілтемедегі кестені толтырып, 10.11.2025 ж. сағат 15:30-да Жаңа оқу қорпусы (Бөгенбай көшесі, 142) 501 коворкинг залында өтетін конкурсқа қатысуыңызды сұраймыз.

https://docs.google.com/document/d/1DJDv6Uxe5nmuZygK5H88dR6f52hx6Yq8/edit?usp=drive_link&ouid=116098786972594671900&rtpof=true&sd=true

Сұрақтар бойынша:
Бағдарлама үйлестірушісі – Нысанбек Қызғалтак
E-mail: nyssanbek.k@qyzpu.edu.kz

Барша үміткерлерге сәттілік тілейміз!