2025 жылдың 21–22 қараша күндері Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Tech QyzPU Niğde Hack: AI және жұмысшы мамандықтар» атты халықаралық хакатон өтеді. Іс-шара С. Қаниев атындағы Ғылыми кітапханада (Әйтеке би, 105) ұйымдастырылады.
Хакатон Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті мен Нигде Өмер Халисдемир университеті арасындағы Нигде Текнопаркімен (Түркия) бірлесіп жасалған екіжақты келісімге сәйкес ұйымдастырылады.
Байқаудың басты мақсаты – студенттер мен жас әзірлеушілердің бағдарламалау дағдыларын жетілдіру, командалық жұмыс пен креативті ойлауды дамыту, сонымен қатар қазақстандық және түрік жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-технологиялық серіктестікті нығайту.
Іс-шараға Түркиядағы ең ірі инновациялық орталықтардың бірі – Niğde Teknopark өкілдері мен Нигде университетінің басшылығы қатысады. Технопарк аймақтағы стартаптарды қолдау мен жеделдетудің негізгі алаңы болып табылады.
Өтетін уақыты: 21 қараша –22 қараша, 2025 ж.
Хакатон қазақ және орыс тілдерінде, оффлайн форматта өтеді.
Қатысуға ниеттілер 2025 жылдың 18 қарашасына дейін төмендегі сілтеме арқылы тіркелуі қажет: https://forms.gle/2kxQ5st1htBN5dPR8
