2025 жылдың 12 қарашасында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде белгілі тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Берекет Кәрібаевтың қатысуымен «Қазақ хандығы – ұлттық мемлекетіміздің негізі» атты қонақ дәріс өтеді.

Іс-шараны университеттің Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, Тарих кафедрасы және «Жас тарихшы» үйірмесі ұйымдастырып отыр.

Кездесу барысында профессор Берекет Кәрібаев Қазақ хандығының құрылуы мен дамуы, оның ұлттық мемлекетіміздің қалыптасуындағы тарихи рөлі туралы тың ғылыми деректермен бөліседі. Сондай-ақ заманауи зерттеулер мен дереккөздер негізінде жаңа көзқарастар ұсынылып, студенттердің тарихи танымын кеңейтуге бағытталған пікірталас өтеді.

Бұл дәріс БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 4 бағыты – сапалы білім беру аясында өткізіліп, студенттердің тарихи санасын қалыптастыруға, кәсіби құзыреттілігін арттыруға және ғылыми ой-өрісін кеңейтуге сеп болады.

Өтетін орны: Сералы Қаниев атындағы ғылыми кітапхана, конференц-зал
Уақыты: 2025 жылғы 12 қараша, сағат 12:00

Студенттерді қатысуға шақырамыз!