Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, Хореография және арт-менеджмент кафедрасы мен «Алатау» дәстүрлі өнер театры арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында студенттерге арналған шығармашылық шеберлік сағаты өтеді. Іс-шараға 6В11102 – Мәдени-тынығу жұмысы және 6В02102 – Хореография білім беру бағдарламаларының студенттері қатысады.

Шеберлік сағатының басты мақсаты – мәдениет пен өнер саласындағы кәсіби тәжірибені студенттерге жеткізу, дәстүрлі және заманауи орындаушылық өнердің ерекшеліктерін таныстыру, сондай-ақ шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал ету.

Құрметті спикер – Әділет Таменов, режиссер-каскадер, бес қарудың шебері, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының хореографы. Ол қатысушыларға сахна мәдениеті, актерлік шеберлік және би өнерінің қыр-сыры жөнінде тәжірибелік сабақтар өткізеді.

Шара барысында студенттер орындаушылық мәдениет, сахна қозғалысы мен актерлік импровизация бойынша нақты дағдыларды меңгереді. Сонымен қатар, бұл кездесу университет пен театр арасындағы шығармашылық байланыстарды нығайтып, жаңа бірлескен жобалардың жүзеге асуына негіз қалайды.

Өтетін күні: 13 қараша 2025 жыл
Уақыты: 14:00
Өтетін орны: Алматы қ., Бөгенбай батыр көшесі, 142, 306-аудитория

Студенттерді қатысуға шақырамыз!