2025 жылдың 27 қарашасында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Жасанды интеллектіні STEAM-білім беру жүйесіне интеграциялау» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өтеді. Іс-шараны Кәсіптік білім кафедрасы мен Алматы қаласы білім басқармасының қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы бірлесе ұйымдастырады.

Шараға Ақдениз университеті (Түркия), Өзбекстан Республикасының Экономика және педагогика университеті, И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті, сондай-ақ еліміздің жетекші педагогикалық жоғары оқу орындары мен Алматы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының өкілдері қатысып, өз баяндамаларын ұсынады.

Семинардың негізгі мақсаты – педагогикалық тәжірибені жетілдіру, білім беру үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқушылар мен студенттердің шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал ету.

Өтетін күні: 27.11.2025

Уақыты: 10:00

Өтетін орны:  Алматы қаласы, Айтеке би көшесі, 99 мекенжайында орналасқан Сералы Қаниев атындағы ғылыми кітапханасының конференц-залы

Онлайн форматта қатысқысы келетіндер үшін Zoom платформасы арқылы қосылу мүмкіндігі қарастырылған: https://zoom.us/meetings/98462022827/invitations?signature=KpouLQKO3vNF-vsi39Nk4N0SkKIN_xClzpF0GkBmnO8

Конференция идентификаторы: 984 6202 2827
Қосылу коды: 958242

Семинарға қатысып, өзекті мәселелерді бірлесе талқылауға шақырамыз!