28 қараша 2025 жылы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде белгілі түрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор, «Парасат» орденінің иегері Әбжан Құрышжанұлының 95 жылдығына арналған «Әбжан Құрышжанұлы және ғылыми сабақтастық: рухани мұра жалғастығы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Іс-шараны Филология институты, Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы ұйымдастырып отыр.
Конференцияның мақсаты - Әбжан Құрышжанұлының ғылыми мұрасын дәріптеу, түркітану, қыпшақтану, қазақ тілтанымындағы ғылыми басымдықтарды саралау.
Конференцияның негізгі бағыттары: Ә. Құрышжанұлы отырысы Ғалымның өмір жолы мен ғылыми мұрасы ,Қыпшақтану ілімі және ғылыми сабақтастық,Абай отырысы Абай гуманизмі және Қазақстанның тұрақты даму құндылықтары (адам капиталы, әділет, білім) А. Байтұрсынұлы отырысы Прото-, пра-, орта- және жаңатүркілік қабаттардың салалық ғылымдар жүйесінде зерттелуі Цифрлық білім & ЖИ отырысы, Цифрлық түркология және ескерткіш мәтіндерінің тілдік профилі ЖИ-дің түркологиялық білім беру кеңістігіндегі мүмкіндіктері Ы. Алтынсарин отырысы. Білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық идеялар. Ш. Уәлиханов отырысы Салалық ғылымдар жүйесі: түркология, тарих, мәдениет, әдебиет
Күні: 28 қараша 2025 жыл
Уақыты: 10:00
Орны: Гоголь көшесі 114, Акт залы
Ғылыми пікір алмасу алаңына шақырамыз!
