Студенттерге арналған шабытты кездесу: полиглот әрі кәсіпкер Мади Фазыл мотивациялық дәріс оқиды
Тұлға қалыптастыру департаменті, Қыздар көшбасшылығы және кәсіпкерлік орталығы студенттерге арналған мотивациялық әрі шабыт сыйлайтын ерекше кездесулер топтамасын жалғастыруда.
Келесі мотивациялық дәрістің құрметті қонағы – полиглот, кәсіпкер, Jetil.kz шет тілдер мектебінің негізін қалаушы, халықаралық JASSO стипендиясының иегері Мади Фазыл.
Тақырып: Шет тілін эффективті үйрену жолдары
Кездесу барысында тілді тиімді меңгеру әдістері, шетелде білім алу тәжірибесі және жаңа буын кәсіпкерлігінің қыр-сыры талқыланатын болады.
Дәрістің негізгі мақсаты – ТДМ 4 аясында сапалы білімге қолдау көрсету, ТДМ 8 бойынша жаһандық еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру және ТДМ 17 бағыты арқылы халықаралық тәжірибе алмасу мүмкіндігін кеңейту.
Өтетін күні: 20 қараша 2025 ж.
Уақыты: 15:00–16:00
Өтетін орны: Акт залы
Барлық студенттерді пайдалы әрі шабытты кездесуге шақырамыз!
