Құрметті студенттер!
Іс-шараның мақсаты – Мәдени тынығу жұмысы мамандығының кәсіби бағытын кеңінен таныстыру, болашақ мамандардың шығармашылық әлеуетін арттыру және мәдени-ағартушылық қызметтің қоғамдағы рөлін көрсету.
Кездесу барысында студенттер мәдени-тынығу саласының негізгі бағыттарымен танысып, көпшілікке арналған мәдени жобаларды ұйымдастыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау, шығармашылық іс-шараларды жоспарлау және жүзеге асырудың қыр-сыры жөнінде құнды ақпарат алады.
Өтетін күні: 27 қараша
Уақыты: 12:00
Өтетін орны: Жаңа оқу ғимараты, Бөгенбай батыр көшесі 142, 306 аудитория
Барлық студенттер мен қызығушылық танытқан тұлғаларды кездесуге қатысуға шақырамыз!
