Құрметті студенттер!
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, Тарих кафедрасының ұйымдастыруымен Халықаралық Астана университетінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім және академиялық ұтқырлық бөлімінің жетекшісі, PhD доктор Сапарова Динара Рахметовнаның қатысуымен қонақ дәріс өтеді. Дәріс «Тарих-қоғамтану (IP)» және «Тарих-Дінтану» білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған.
Тақырыбы: «Сандық бірегейлік және мәдени тамырлар: жастар онлайн кеңістікте өткенмен қалай байланыс орнатады»
Іс-шара барысында спикер қазіргі жастардың цифрлық кеңістікте ұлттық-мәдени құндылықтармен байланысын қалыптастыру үдерістерін, жеке және ұжымдық тарихи жадының онлайн форматта жаңғыруын, сонымен қатар цифрлық технологиялардың тарихи танымға ықпалын талқылайды.
Өтетін күні: 25 қараша
Өтетін уақыты: 15:00
Өтетін орны: Әйтеке би көшесі, 114/1, 1-қабат, Сералы Қаниев атындағы ғылыми кітапхана, конференц-зал
Сіздерді қатысуға шақырамыз!
