Құрметті студенттер! Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Түркия Республикасы, Анталья қаласындағы Акдениз университетінің Бейнелеу өнері факультеті, Тоқыма және сән дизайны кафедрасының PhD докторы, қауымдастырылған профессоры, дизайнер, Эразмус бағдарламасының координаторы, халықаралық сарапшы Мариям Езиеваның «Шаңырақ» атты шығармашылық көрмесі өтеді.

Көрменің негізгі мақсаты – қазақ халқының рухани және мәдени тұтастығының символы болып табылатын Шаңырақ бейнесінің терең философиялық мәнін заманауи тілмен жеткізу 
Өтетін күні: 27 қараша 2025 жыл
Уақыты: Сағат 14.00-16.00 
Өтетін орны: Гоголь көшесі 114, 3 қабат «DARA ART» галерея

Сіздерді күтеміз!