2025 жылдың 5 желтоқсанында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, Тарих кафедрасы Қазақстан тарих ғылымының көрнекті өкілі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Тотай Тәжіұлы Тұрлығұлдың 95 жылдығына арналған «Ұлт тарихының жанашыры» атты ғылыми семинар өткізеді.
Семинардың мақсаты – профессор Тотай Тұрлығұлдың ғылыми еңбектерін дәріптеу, болашақ тарихшылар мен педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру және жас ғалымдарға ғалым мұрасының ғылыми-тәжірибелік маңызын таныту.
Бұл шара жас зерттеушілер мен студенттер үшін құнды тәжірибе алаңы болып, тарихи білім мен ғылыми ойлауды тереңдетуге мүмкіндік береді.
Іс-шараға ғалымның замандастары, университет оқытушылары, студенттер, жас зерттеушілер және тарихи-педагогикалық бағытқа қызығушылық танытқан барша тыңдаушылар шақырылады.
Өтетін күні: 5 желтоқсан 2025 жыл
Уақыты: сағат 11:00
Орны: №1 оқу ғимараты, 215 конференц-зал
