Құрметті студенттер, әріптестер! Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Психология керуені: жан әлеміне жол» атты психология апталығы өтеді.

Апталық барысында төмендегі іс-шаралар өткізіледі:

  • Қолданбалы психологиялық практикумдар мен кәсіби шеберлік алаңдары;
  • Психологиялық диагностика, кеңес беру және тұлғалық даму әдістеріне негізделген тәжірибелік жұмыстар;
  • Топтық тренингтер, коммуникациялық сессиялар және еркін форматтағы пікірталас алаңы;
  • Студенттердің психологиялық-педагогикалық қойылымдары мен шығармашылық презентациялары;
  • Тәжірибелі практик-психологтардың кәсіби құзыреттілікті арттыруға бағытталған мастер-кластары;
  • Ғылыми-танымдық байқаулар, зерттеушілік жобалар және әлеуметтік бастамалар;
  • Апталықтың қорытынды кеші және психологиялық сауықтыру бағытындағы терапиялық бағдарламалар.

Биылғы психология апталығы ерекше мәнге ие, себебі Қазақстанда Психологтар күні мерекесінің жарияланғанына 35 жыл толып отыр. Осыған орай бағдарламада зерттеушілік жобалар, ғылыми-танымдық байқаулар мен әлеуметтік бастамаларға басымдық берілген.

Өткізу уақыты: 1–4 желтоқсан

Өткізу орны: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Семинар жоспарымен төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыз: https://drive.google.com/drive/folders/1vuU1zGl2boRuiNSnyY3-G4xXjEoGQ-uD?usp=drive_link

Баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз!