QyzPU-да Үндістан Республикасы, Ченнай қаласындағы SRM Ғылым және технология институтының қауымдастырылған профессоры, PhD К. Рамачандранның ғылыми дәрісі өтеді.

Дәріс тақырыбы: «Нанокомпозиттер: Материалдардың механикалық, электрлік және оптикалық қасиеттерін инновациялық шешімдерге бағыттап жетілдіру»

Ғылыми кездесудің негізгі мақсаты – нанокомпозиттердің құрылымдық ерекшеліктерін түсіндіру, олардың механикалық, электрлік және оптикалық қасиеттерін жақсартудың заманауи тәсілдерін талдау және аталған материалдардың инновациялық технологиялар саласындағы қолданылу мүмкіндіктерін ғылыми тұрғыда негіздеу.

Күні: 4 желтоқсан

Уақыты: 10:00

Өтетін орны: Бас оқу ғимараты, L-2 дәріс залы

Барлық қызығушылық танытқан тыңдармандарды дәріске қатысуға шақырамыз!