Құрметті студенттер! Университетімізде Невшехир Хажы Бекташ Вели университеті (Түркия) Ғылым факультетінің Биология бөлімінің профессоры Ердоған Чичектің ғылыми семинары өтеді.

Семинар тақырыбы: «Biotic integrity index and a sample: Eurasian Fish Index»

Мақсаты: Су экожүйелерінің жағдайын бағалауда қолданылатын Biotic Integrity Index мәнін түсіндіру және оны Eurasian Fish Index мысалында талдау. Зерттеу индекстің құрылымын, бағалау көрсеткіштерін және экожүйе денсаулығын анықтаудағы рөлін сипаттайды. Сонымен қатар Eurasian Fish Index-тің өзен балық құрамын бағалаудағы тиімділігі көрсетіледі.

Күні: 3 желтоқсан

Уақыты: 14:30

Өтетін орны: Бас оқу ғимараты, L-2 дәріс залы

Барлық қызығушылық танытқан тыңдармандарды дәріске қатысуға шақырамыз!