Құрметті студенттер! Тұлға қалыптастыру департаменті, Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығы студенттердің өз құқықтарын білу маңыздылығын түсіндіру мақсатында заңгерлермен ақпараттық кездесу ұйымдастырады.
Спикерлер:
- Азамат Аблкаевич – заңгер
- Альбина Бахтиярқызы – заңгер
Қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, өз құқықтары мен міндеттерін кәсіби заңгерлердің көмегімен жан-жақты түсіндіру арқылы өмірлік, академиялық және көшбасшылық дағдыларын нығайту.
Бұл мастер класс БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен үндесіп, IV-мақсат – «Сапалы білім», V – «Гендерлік теңдік», VIII – «Лайықты жұмыс пен экономикалық өсу бағыттары негізінде ұйымдастырылып отыр.
Өтетін күні: 04.12.2025 ж.
Уақыты: 15:00–16:00
Өтетін орны: №1 оқу ғимараты, 215- конференция залы
Қатысуға шақырамыз!
