2025–2026 оқу жылының көктемгі семестрінде Түркиядағы серіктес университеттерде білім алу үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттерді іріктеу басталғанын хабарлаймыз.

Академиялық ұтқырлық — шетелде бір семестр оқып, жаңа білім мен тәжірибе жинауға, кәсіби көкжиегіңізді кеңейтуге және халықаралық ортада дамуға берілетін бірегей мүмкіндік.

Іріктеуге қатыса алады:

  • 2–3 курс студенттері (міндетті педагогикалық практикасы болмауы тиіс);
  • GPA көрсеткіші 3.5-тен жоғары студенттер.

Тіл талабы:

  • Түрік тілін B1–B2 деңгейінде меңгеруі міндетті;
  • Түрік тілі деңгейін растайтын сертификат талап етіледі;
  • Үміткер саны жоспардан көп болған жағдайда сертификаты бар студенттерге басымдық беріледі.

Өтінім беру тәртібі:
 Сұхбатқа дейін төменде көрсетілген формаға барлық қажетті құжаттарды дұрыс форматта жүктеп, өзіңіздің байланыс ақпаратыңызды нақты әрі толық толтыруыңыз қажет. https://forms.gle/pTRRL58hwyc8QKHo6

Қажетті құжаттар:

  • Жарамды шетелдік паспорт (загранпаспорт);
  • Ағымдағы транскрипт;
  • Жеке оқу жоспары (ағылшын тіліндегі нұсқасы);
  • Түрік тілі деңгейін растайтын сертификат.

Іріктеу күні мен уақыты: 6 желтоқсан 2025 ж. (сенбі), сағат 10:00-де

Өтетін орны: Бөгенбай батыр көшесі, 142, Қайсар оқу корпусы, 5-қабат

Сұрақтар бойынша:

Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің аға менеджері — Нұртаза Айдана Нұралықызы