Тұлға қалыптастыру департаменті, Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығы студенттер үшін «Көшбасшылық мінез: бойдағы лидерлікті ояту» атты мотивациялық кездесу өткізеді.
Спикер – психолог, отбасылық кеңесші Айдархан Жанайым
Шараның мақсаты – студенттердің эмоция мен мінез-құлық арасындағы байланысты терең түсінуіне ықпал етіп, ішкі тепе-теңдігін табуға, өзін-өзі басқару мен тұлғалық тұрақтылық дағдыларын дамытуға психологиялық қолдау көрсету.
Бұл мастер класс БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен үндесіп, IV-мақсат – «Сапалы білім», V – «Гендерлік теңдік», VIII – «Лайықты жұмыс пен экономикалық өсу бағыттары негізінде ұйымдастырылып отыр.
Өтетін күні: 09.12.2025 ж.
Уақыты: 15:00–16:00
Өтетін орны: №1 оқу ғимараты, 118- Бизнес хаб.
Сіздерді күтеміз!
