Тұлға қалыптастыру департаменті, Қыздар көшбасшылығы және кәсіпкерлік орталығы студенттердің тұлғалық дамуы мен коммуникациялық дағдыларын жетілдіру мақсатында кезекті танымдық мотивациялық мастер-класс ұйымдастырады.

Іс-шараның арнайы қонағы – медиа-тренер, танымал оратор, «Сила голоса» жобасының авторы Абай Асылхан. Спикер аудитория алдында сенімді сөйлеудің қыр-сырымен бөлісіп, әсерлі коммуникация орнату, эмоциялық интеллектті дамыту және көпшілік алдында еркін сөйлеуге қатысты маңызды практикалық кеңестер ұсынады.

Мастер-класс «Ораторлық өнер: сенімді сөйлеу мен өзін таныта білу жолдары» тақырыбында өтеді.


Бұл бастама Тұрақты даму мақсаттарына да өз үлесін қосады. Атап айтқанда, ТДМ 4 – «Сапалы білім» бағыты бойынша студенттердің тұлғалық дамуын қолдауға, ТДМ 5 – «Гендерлік теңдік» аясында қыздардың көшбасшылық әлеуетін арттыруға, сондай-ақ ТДМ 8 – «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» мақсатында еңбек нарығында сұранысқа ие коммуникациялық және soft skills дағдыларын дамытуға бағытталған.

Өтетін күні: 15 желтоқсан 2025 жыл
Уақыты: 13:00–15:00
Өтетін орны: Акт залы

Сіздерді күтеміз!