Құрметті магистранттар мен докторанттар!
«Platonus» жүйесінде «Оқытушы студент көзімен» атты пилоттық сауалнама іске қосылды. Бұл зерттеу магистранттар мен докторанттардың арасында жүргізіледі.
Сауалнама осы семестрде дәріс оқыған оқытушыларға деген қанағаттанушылық деңгейін анықтауды көздейді.
Ең маңыздысы – сауалнама толығымен анонимді. Жеке деректер жиналмайды, сақталмайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Жүйеде тек жауаптар ғана тіркеліп, олар жалпы статистикалық түрде өңделеді.
Университет әкімшілігі студенттердің ойы мен ұстанымын оқу процесін жетілдірудің негізгі құралы деп санайды. Сондықтан әрбір жауап – білім сапасын арттыруға қосылған үлес.
Пилоттық сауалнамаға қатысып, университеттің дамуына өз пікіріңізбен қолдау көрсетіңіз!
Құрметпен, Академиялық сапаны қамтамасыз ету бөлімі
