Құрметті ғалымдар, оқытушылар және студенттер!

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының бірлесе ұйымдастыруымен өтетін Қазақстанның зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған  II Халықаралық жас ғалымдар конгресіне қатысуға шақырамыз!

Шараның негізгі мақсаты – Қазақстанның және әлемнің жас ғалымдары арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайту және олардың зерттеу нәтижелерін талқылау үшін тиімді алаң құру.

Конгресс аясында «Жаратылыстану ғылымдары» ғылым бағыты бойынша «Елдің зияткерлік әлеуеті» секциясы өтеді. Бұл секцияда еліміздің және шет мемлекеттердің жас зерттеушілері өз ғылыми-зерттеу жұмыстарының маңызды нәтижелерімен бөліседі.

Панельдік Сессиялар:

  • Жаратылыстану: наноматериалдар және жасыл энергетика
  • Зерделі шешімдер: инновация, тұрақтылық және математикалық модельдеу

Конгресс қатысушылары шетелдік жетекші ғалымдардың эксклюзивті шеберлік сыныптарына қатысып, ғылымның ең соңғы жаңалықтары мен тәжірибелері бойынша қызықты мәліметтер ала алады.
Қатысушылар: Қазақстандық және шетелдік жас ғалымдар, магистранттар, докторанттар, ғылыми қызметкерлер.
Өтетін күні: 12 желтоқсан
Уақыты: 09:30
Өтетін орны: Гоголь көшесі, 114 к1, Сералы Қаниев атындағы кітапхананың конференц-залы

Бұл – тәжірибе алмасу, жаңа ғылыми байланыстар орнату және болашақ жобаларға бастама берудің тамаша мүмкіндігі!

Бағдарламаға сілтеме: https://drive.google.com/file/d/1CkWl2Q2om6HlPjrelxSrxIzPjbyw89qw/view?usp=sharing

Сіздерді күтеміз!