Құрметті, магистратура білім деңгейіне түсушілер!

Магистратураға білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау 12 - 18 желтоқсан (қоса алғанда) аралығында жүзеге асырылады. Сонымен қатар, мемлекеттік грантқа үміткерлер конкурсқа құжаттарын офлайн және онлайн форматта тапсыра алады.

Офлайн форматта құжаттар QyzPU Бас оқу ғимараты Гоголь көшесі, 114/1 мекен-жайындағы (1 қабат 202 кабинет) Қабылдау және кәсіби бағдар беру бөлімінде қабылданады.

Онлайн форматта құжаттар ZOOM платформасында сағат 15:00 мен 17:00 аралығында https://zoom.us/j/99909890732?pwd=2qYm55zb2pP57QqDes9WEZuhPmtl7K.1 сілтеме арқылы қабылданады.

Грант конкурсының нәтижелері шыққаннан кейін түпнұсқа құжаттарды оқуға қабылдау 26 желтоқсан мен 2026 жылдың 10 қаңтары аралығында жүргізіледі.