Құрметті жұмыс берушілер, білім алушылар, серіктестер және университеттің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға қызығушылық танытушы тұлғалар!
Сіздерді Академиялық бағдарламаларды әзірлеу бөлімі 2025-2026 оқу жылына Академиялық комитеттің жоспарлы 1-ші отырысына қатысуға шақырады.
Білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша жыл сайынғы жүйелі жұмыстың аясында білім беру бағдарламаларының/пәндердің мазмұнын жақсартуды жалғастырамыз.
КҮН ТӘРТІБІ:
- Академиялық комитеттің жаңартылған құрамымен таныстыру.
- Педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларында педагогикалық практикалардың үлесін 50%-ға дейін арттыру тетіктерін талқылау, сонымен қатар практика базаларымен өзара ынтымақтастық және дуальды оқыту аясын кеңейту мәселелерін талқылау.
- Халықаралық тәжірибені, цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын енгізуді ескере отырып, педагогикалық білім беруді дамытудың Тұжырымдамасын өзектендіру үшін ұсыныстарды жинақтау.
- Білім беру бағдарламаларының құзыреттері мен мазмұнына қатысты стейхолдерлерден кері байланыс жинақтау.
- Арнайы педагогтарды даярлаудың ерекшеліктерін және психологиялық-педагогикалық құзыреттерді, оның ішінде инклюзияны, буллингтің алдын алуды және қауіпсіз білім беру ортасын құруды күшейту мәселелерін талқылау.
Өтетін күні: 23 желтоқсан 2025 жыл
Басталу уақыты: 16.00, онлайн форматта
Онлайн отырыстың сілтемесі: https://zoom.us/j/98459932148?pwd=U5kCOKQp29PRQanMjBa7xNrWKeIGiI.1
Аталған отырысқа белсенді қатысып, өз ой-пікірлеріңізді ұсыныңыздар!
