Университет бакалавриат 4 курс студенттерін және оқытушылар практика жетекшілерін білім беру үдерісінде енгізілген жаңа оқу форматтарының тиімділігін бағалау аясында өткізілетін сауалнамаға қатысуға шақырады.

Сауалнама «Platonus» жүйесінде жүргізіледі.

Сіздерді белсенділік танытып, университеттегі өндірістік практика жүйесін дамыту мен жетілдіруге өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.

Сіздің пікіріңіз өндірістік практиканы ұйымдастыруды жетілдіруге және оны одан әрі жақсарту бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

Сауалнамаға қатысып, өндірістік практиканы студенттер үшін тиімді әрі пайдалы етуге атсалысыңыз.