Құрметті студенттер! Тұлға қалыптастыру департаменті, Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығы студенттердің тұлғалық дамуы мен коммуникативтік дағдыларын арттыру мақсатында танымдық мотивациялық мастер-класс өткізеді.
Аталған іс-шараның құрметті қонағы – маркетолог, кәсіпкер, стратег Саят Шымырбек. Мастер-класс тақырыбы: «1 сағат-1 бизнес трансформация». Спикер өз тәжірибесімен бөлісе отырып, аудитория алдында нарықты талдау, мақсатты аудиторияны анықтау, бренд құндылығын қалыптастыру және заманауи маркетинг құралдарын тиімді қолдану бойынша мазмұнды әрі практикалық ақпарат ұсынады.
Іс-шара мақсаты – Тұрақты даму мақсаттарының 4,5,8 бағыттарына сәйкес студенттердің тұлғалық дамуын қолдау, қыздардың көшбасшылық қабілетін арттыру, еңбек нарығында сұранысқа ие soft skills қалыптастыру.
Өтетін күні: 27.01.2026
Уақыты: 14:00–15:00
Өтетін орны: Сералы Қаниев атындағы кітапхана, конференц-зал
Cіздерді күтеміз!