QyzPU Тұлға қалыптастыру департаменті мен Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығының ұйымдастыруымен дене шынықтыру және спорт кафедрасының студенттеріне арналған «ALMATY HALF MARATHON 2026: Мақсатқа жетудің формуласы» тақырыбында мотивациялық кездесу өтеді.
Іс-шараның спикері — Толқын Нұрышева, Microsoft Kazakhstan компаниясының директоры, марафоншы, жеңіл атлетикадан Masters санаты бойынша Қазақстан Республикасының екі дүркін чемпионы.
Кездесудің мақсаты — білім алушыларға мінез-құлық арқылы жетістікке жетудің тиімді тәсілдерін көрсету, тәртіп пен табандылықтың маңызын түсіндіру, көшбасшылық қасиеттерді дамыту, сондай-ақ өз арманына сеніп, нақты әрі қолжетімді мақсаттар қоюға ынталандыру.
Өтетін күні: 2026 жылғы 4 ақпан
Өтетін уақыты: 16:30–18:00
Өтетін орны: №1 оқу ғимараты, 215-конференция залы
Барша студенттерді белсенді қатысуға шақырамыз.