QyzPU профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлері және магистранттар мен докторанттардың ғылыми әлеуетін арттыру мақсатында университет кітапханасында «Ғылыми-жарияланымдық қызметтің заманауи құралдары мен тәжірибелері» тақырыбында практикалық семинар өтеді.

Практикалық семинар бағдарламасы ғылыми ізденіс процесін оңтайландыруға арналған 5 модульден тұрады.

Практикалық сабақтар барысында спикерлер:

  • заманауи цифрлық құралдармен және әлемдік электрондық кітапханалардың деректер базаларымен таныстырады;
  • библиографияны басқару және жарияланымдық белсенділікті арттыру әдістерін үйретеді;
  • ғылыми журналдарды таңдау барысында және зерттеу циклінің әр кезеңінде жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану тәжірибесімен бөліседі.

 Семинар қатысушылары ғылыми зерттеу және жарияланымдық қызметтің тиімділігін арттыруға арналған нақты практикалық дағдыларға ие болады.
 Практикалық семинар бағдарламасының қосымшасында өткізілу уақыты әр институтқа уақыт интервалымен қатар көрсетіліп, институт директорларына жіберілді.

Лектор-спикерлер:
    • Өтегенова Әсем Мұхтарқызы — кітапхана директоры, ғылым магистрі;
    • Лапо Пётр Михайлович — кітапхана директорының орынбасары, Азия және Океания елдері бойынша Халықаралық кітапхана ассоциациялары мен ұйымдары федерациясының (IFLA) аймақтық комитетінің мүшесі;
    • Несіпбай Аяулым Ерғалиқызы — бас кітапханашы, ғылым магистрі.
Уақыты: 09:00–18:00 
Өту аралығы: 9–27 ақпан (3 апта) 
Өткізу орны: Сералы Қаниев атындағы Ғылыми кітапхананың конференц-залы (Әйтеке би көшесі, 105Б)