Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясы арасындағы ынтымақтастық аясында 1 курс студенттері мен курсанттарына арналған «ORTAQ KEÑİSTІК: бір миссия — бір шешім» атты психологиялық интерактивті кездесу ұйымдастырылады. 

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясы мен QyzPU 1 курс студенттері арасында психологиялық өзара әрекеттестікті дамыту, сенімді және қауіпсіз орта қалыптастыру, тұлғааралық қарым-қатынаста бірлескен шешім қабылдау дағдыларын жетілдіру және психологиялық мәдениетті арттыру болып табылады.

Іс-шара бағдарламасы үш кезеңнен тұрады: І кезең – «Ортақ бастау»
Әр университет өз білім беру ұйымын бейнежазба арқылы таныстырады. ІІ кезең – «Ортақ ой» психологиялық викторина
Қатысушылар психология саласына қатысты викториналық сұрақтарға жауап береді. ІІІ кезең – «Ортақ шешім» психологиялық ойын алаңы

Психологиялық үдерістерге (зейін, ойлау, эмоция, қарым-қатынас) бағытталған интерактивті ойындар мен әлеуметтік эксперименттер өткізіледі. Әр жаттығудың мақсаты мен мазмұнына жеке түсіндірме беріледі.
Кездесу соңында музыкалық терапия элементтері қолданылады, музыкалық рефлексия арқылы психологиялық атмосфера қалыптастырылады.

Ұйымдастырушылар: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Педагогика және психология институты, Психология кафедрасы.

Баршаңызды аталған психологиялық интерактивті кездесуге қатысуға шақырамыз!

Өтетін күні: 13 ақпан 2026 жыл
Өтетін уақыты:  16:00
Өтетін орны:  Гоголь көшесі, 144, АКТ залы