Бірлескен білім беру бағдарламаларын құру: әдіснамадан халықаралық серіктестікке дейін 2026 жылғы 26 ақпанда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Қос дипломдық білім беру бағдарламаларын әзірлеу» тақырыбында воркшоп өтеді.
Воркшоп барысында қос дипломдық білім берудің тұжырымдамасы мен стратегиялық маңызы, халықаралық серіктестіктерді қалыптастыру тетіктері, сондай-ақ оқу жоспарлары мен кредиттерді академиялық әзірлеу мәселелері талқыланады. Қатысушылар британдық Sussex университетімен бірлескен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру тәжірибесін қарастырады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушыларда қос дипломдық білім беру бағдарламаларын әзірлеудің әдіснамалық негіздері туралы кешенді түсінік қалыптастыру және халықаралық стандарттарға сәйкес оларды жобалау бойынша практикалық дағдыларды дамыту.
Күні мен уақыты: 26 ақпан 2026 жыл, 09:00 – 12:00.
Форматы: Офлайн.
Өтетін орны: 5-қабат, конференц-зал, №3 оқу ғимараты (Бөгенбай батыр көш., 142).
Білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер, профессор-оқытушылар құрамы және университет қызметкерлері қатысуға шақырылады!
Воркшоп кестесі:
|
Уақыты |
Тақырыбы |
|
9:00 – 9:15 |
Қатысушыларды тіркеу |
|
9:15 – 9:30 |
Ашылуы. Воркшоптың мақсаттары мен күтілетін нәтижелері |
|
9:30 – 9:45 |
Сергіту сәті |
|
9:45 – 10:15 |
Қос дипломды білім беру бағдарламаларының (ҚДББ) ұғымы және стратегиялық маңызы ИМАНБАЛИНА АСЕЛЬ КАЗБЕКОВНА Академиялық сапаны қамтамасыз ету бөлімінің басшысы |
|
10:15 – 10:35 |
Қос дипломдық білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін халықаралық серіктестіктерді қалыптастыру тетіктері ДЖАКУБАЕВА САЛТАНАТ ТОЛЕУОВНА Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы |
|
10:35 – 10:55 |
ҚДББ академиялық әзірлеу: оқу жоспарлары, халықаралық серіктестік аясындағы кредиттер КАБЫШЕВА МАРИЯ ОЛЕГОВНА Академиялық бағдарламаларды әзірлеу және сапаны қамтамасыз ету департаментінің директоры |
|
10:55 – 11:15 |
Sussex университетімен бірлескен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру тәжірибесі ЗАДАХАНОВА АЛИЯ АЗАТХАНОВНА білім беру бағдарламаларын интернационалдандыру орталығының басшысы |
|
11:15 – 11:40 |
Сұрақтар мен талқылау |
|
11:40 – 12:00 |
Практикалық тапсырма және қорытындылау |