«ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті» тарапынан  қаржыландыратын «Инклюзивті сыныптарда ағылшын тілін оқыту мен үйренуде сараланған сандық білім беру мазмұнын әзірлеу» ғылыми жоба аясында жобаның ғылыми қызметкерлері ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған «Саралап оқытуды меңгеру (ЖИ-мен интеграцияланған)» атты кәсіби даму курсын ұйымдастырады.

Іс-шараның мақсаты – инклюзивті білім беру жағдайында саралап оқыту стратегияларын тиімді қолдануға, заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын кіріктіруге бағытталған кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру.

Курс тренерлері – инклюзивті білім беру саласындағы халықаралық сарапшы Сара Джонсон, сондай-ақ білім беру саласының маманы, «Start Thinking» және «The Joy of Not Knowing» кітаптарының авторы, доктор Марсело Старикофф.

Университет тарапынан фасилитаторлар – Білім беру бағдарламаларын интернационалдандыру орталығының басшысы, магистр, жобаның аға ғылыми қызметкері Алия Задаханова, «Шетел тілдерін оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушылары, магистрлер Елдана Жансеркеева мен Гүлбағира Саурукова.

Өтетін күні: 2 наурыз-3 сәуір, 2026 жыл

Өтетін уақыты: 19:30-20:30

Кәсіби даму курсы онлайн форматта өтеді.