Құрметті оқушылар! Сіздерді, QyzPU-дың Жаратылыстану институтының ұйымдастыруымен өтетін жыл сайынғы химия, биология және география пәндерінен 9-10 сынып оқушыларына арналған Республикалық пәндік олимпиадасына қатысуға шақырамыз!
Олимпиадаға қатысу мектепішілік іріктеуден өткен тек 1-орын иегерлері (9 - 10 сынып және қазақ-орыс бөлімі үшін бөлек) хаттама көшірмесі негізінде ғана жіберіледі. Олимпиаданың II кезеңінде пән бойынша тест сұрақтарына жауап беріп, тапсырма орындап, есеп шығарады.
Олимпиадаға тіркелу уақыты: 2026 жылдың 20-наурызынан 7-сәуірге дейін.
Олимпиада бағдарламасы:
Күні: 17 сәуір
Уақыты: 08.00-09.00 – қатысушыларды тіркеу, 09.00-09.30 – олимпиаданың ашылуы
Өтетін жері: Гоголь 114 көшесі, Акт зал.
Уақыты: 10.00 – секциялар бойынша олимпиада жұмысының басталуы
Өтетін жері: Гоголь көшесі 114/1, 3 қабат, 15.30 – қорытынды шығару және олимпиаданың жабылуы
Өтетін жері: Гоголь көшесі114/1, Л1-дәрісхана
