Құрметті студенттер! Erasmus+ International Credit Mobility 2026/2027 бағдарламасы аясында академиялық ұтқырлыққа 3-ші кезең бойынша өтінімдерді қабылдау басталды.
Бағдарлама бойынша гранттардың саны, ұзақтығы және көлемі, сондай-ақ өтінім беру тәртібі мен университеттер бойынша қолжетімді бағыттар туралы толық ақпарат келесі сілтемеде берілген: https://www.univ-perp.fr/emic
Сайт француз тілінде берілген, бірақ барлық қажетті ақпарат ағылшын тілінде “Guide for Applicants 3rd Call 2026-2027” құжатында, басты бетте қолжетімді.
Студенттер мен қызметкерлер үшін жаңартылған EMIC постері қолжетімді: Постерді жүктеу
Назар аударыңыз: өтінімдер бұрынғы жобадағыдай Emundus онлайн платформасы арқылы қабылданып, бағаланады.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 19 сәуірге дейін
Сұрақтар бойынша:
QyzPU EMIC бағдарламасының үйлестірушісі – Нұртaза Айдана Нұралықызы
nurtaza.a@qyzpu.edu.kz, +7 775 736 64 68
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!
