Құрметті әріптестер! Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 2026 жылғы 18–20 маусым аралығында өтетін XIII Халықаралық Түркі әлемі зерттеулері симпозиумына қатысуға шақырады.
Симпозиум Niğde Ömer Halisdemir University (Түркия), Baku Eurasian University (Әзірбайжан) және Comrat State University (Молдова) университеттерімен бірлесіп ұйымдастырылады.
Өткізілу орны: Комрат мемлекеттік университеті, Комрат қаласы, Молдова Республикасы.
СИМПОЗИУМНЫҢ БАСТЫ ТАҚЫРЫБЫ «Жаһандық өзгерістер үдерісінде Түркі әлеміндегі отбасы мен демография»
НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР (қысқаша)
- Тіл, әдебиет және тарих
- Мәдениет, өнер және коммуникация
- Отбасы және демографиялық үдерістер
- Аймақтық мәселелер және халықаралық қатынастар
- Бизнес және экономика
- Дін, философия, құқық, география және туризм
Толық ақпарат ақпараттық хатта және симпозиумның ресми парақшасында ұсынылған.
МАҢЫЗДЫ МЕРЗІМДЕР:
- Мақала қабылдау мерзімі — 12 сәуір 2026 ж.
- Қабылданғаны туралы хабарлама — 26 сәуір 2026 ж.
- Тіркелудің соңғы күні — 4 мамыр 2026 ж.
Тіркелу және мақала жолдау: https://www.utudas.org/Mts.Aspx
Ресми сайт: https://www.utudas.org
Сұрақтар бойынша:
Нұртаза Айдана Нұралықызы – Симпозиум ұйымдастыру комитетінің мүшесі (UTÜDAS 2026)
nurtaza.a@qyzpu.edu.kz, +7 775 736 6468 (WhatsApp)
