Құрметті студенттер! Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Болашақ тәрбиеші цифрлық ортада: жасанды интеллект және кәсіби даму» атты  ХVІІI – Республикалық пәндік олимпиадасы өткізіледі.

Олимпиадаға ҚР жоғары оқу орындарының «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының күндізгі оқу бөлімінің 2-3 курс білім алушылары қатыса алады.

Олимпияда 5 кезеңнен тұрады:

  • 1-кезең: «Мен – болашақ цифрлы педагогпын» атты командалардың digital- таныстырылымы
  • 2-кезең: «Педагогикалық кейс және жасанды интеллект»
  • 3 кезең: ««Digital Ertegi Lab»
  • 4 кезең: «Teacher IQ: Professional Readiness Test»
  • 5 кезең: «EdTech: МДҰ-ғы цифрлық тәрбиелеу-білім беру кеңістігі» (үй тапсырмасы, ҰІӘ бейнежазбасы)

Тіркелу уақыты: 15 наурызға дейін, 2026 жыл

Өтетін күні: 17-18 сәуір, 2026 жыл

Өтетін уақыты: 10:00 – 18:00

Өтетін жері: Гоголь көшесі 114, Акт зал.