Құрметті студенттер! Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты бірлесіп көрнекті ғалым, академик Нұрпейіс Кеңес Нұрпейісұлы құрметіне арналған дәстүрлі «Нұрпейіс оқулары» аясында «Тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстан: гуманитарлық ғылымдардағы ізденістер мен жаңа бағыттар» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.
Нұрпейіс Кеңес Нұрпейісұлы – тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі.
Конференцияның мақсаты – тәуелсіздік кезеңіндегі гуманитарлық ғылымдардың даму бағыттарын талқылау, заманауи әдіснаманы саралау және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайту.
Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:
- тарихи сананы қалыптастыру және ұлттық бірегейлік мәселелері;
- гуманитарлық ғылымдарды зерттеудің теориялық-методологиялық негіздері;
- гуманитарлық білім беру: оқыту тәжірибесі, әдістеме және инновациялық модельдер;
- жасанды интеллект және гуманитарлық ғылымдар: зерттеу мен оқытудың жаңа парадигмалары.
Ғылыми жиынға отандық және шетелдік ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері, сондай-ақ докторанттар мен магистранттар щақырылады.
Ұйымдастырушы: Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, Тарих кафедрасы.
Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс және ағылшын.
Өтетін күні: 18 наурыз, 2026 жыл
Өтетін уақыты: 10:00
Тіркелу уақыты: 09:30
Өтетін жері: Бөгенбай батыр көшесі, 142.,306 дәрісхана
Байланыс үшін: +7 (727) 278-10-24
