Құрметті студенттер! Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Тұлға қалыптастыру департаменті, Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығының ұйымдастыруымен білім алушыларға арналған «Спорт, қоғам және көшбасшылық: Almaty Half Marathon волонтерлері» атты Almaty Half Marathon жарысына волонтерлерді іріктеу презентациясы өтеді.
Кездесудің мақсаты – Almaty Half Marathon аясында волонтерлік қызметке қызығушылық танытқан қатысушыларды іріктеу және іс-шара туралы ақпарат беру.
Іс-шараның спикері: Кенжебек Алтынай – Смелость быть первым корпоративтік қорының Almaty Marathon жобасындағы волонтерлермен жұмыс жөніндегі менеджері.
Өтетін күні: 19 наурыз, 2026 жылы
Өтетін уақыты: 15:00 – 16:30.
Өтетін орны: Гоголь көшесі 114, 215- конференция залы.
