Тұлға қалыптастыру департаменті, Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығы «IT саласына алғашқы қадам: 5 маңызды кеңес» тақырыбында танымдық мастер-класс өткізеді.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің IT саласында білімін арттыру және IT индустриясына кірудің тиімді жолдарын көрсету.

Аталған кездесудің құрметті қонағы:  Qazaq IT Community ұйымының негізін қалаушы, Women in Tech Kazakhstan Chapter ұйымының басшысы Асем Болатжан.

Мастер-класс аясында қатысушылар түрлі онлайн ресурстарды пайдалану, оқу жоспарын дұрыс құру, портфолио дайындау және алғашқы жобаларды жасау арқылы өз дағдыларын дамыту жолдарымен танысады.

Өтетін күні: 08 сәуір 2026 жыл

Уақыты: 15:00–16:00

Өтетін орны: Гоголя көшесі 114, 215-конференц зал