Құрметті студенттер! «Ғылым айы – 2026» аясында Жобалық кеңсе бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті  білім алушылары арасында «Стартап-Томирис» инновациялық жобалар байқауын жариялайды.

Конкурстың мақсаты – университет білім алушыларының стартап бастамаларын қолдау және дамуын ынталандыру.

Өтінім қабылдаудың басталуы: 13 сәуір, 2026 жыл

Өтінім қабылдаудың аяқталуы: 30 сәуір, 2026 жыл Конкурсқа жоба жетекшісі ретінде университеттің штаттық оқытушылары мен қызметкерлері және жоба орындаушысы ретінде университет оқытушылары, қызметкерлері, білім алушылары мен басқа да білім беру немесе ғылыми ұйымдарының өкілдері қатыса алады.

Конкурс ережесімен және өтінім беру үлгісімен төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыздар. ЕРЕЖЕ

 Өтініш беру үшін гугл-форманы толтыру керек.

Конкурсты өткізу бойынша толығырақ durmenbayeva.zh@qyzpu.edu.kz,  sailybay.n@qyzpu.edu.kz   электронды поштасына жаза аласыз.