Құрметті студенттер! Тұлға қалыптастыру департаменті, Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығы  «Бастау, тәуекел, жеңіс: кәсіпкерлік жолдағы шешуші факторлар» тақырыбында мастер-класс өткізеді.

Аталған іс-шараның құрметті қонағы – кәсіпкер, қаржыгер, QazGranit гранит зауытының президенті, Respublica партиясының Алматы қалалық филиалының төрайымы, “Адал Азамат” премиясының иегері Әбдіхалықова Шолпан Асқарқызы.

Кездесу барысында спикер кәсіпкерлік жолдағы алғашқы қадамдар, тәуекелге бару, дұрыс шешім қабылдау және табысқа жетудің негізгі факторлары туралы тәжірибесімен бөліседі.

Мастер-класс аясында қатысушылар өз мақсаттарын дұрыс қою, жеке бренд қалыптастыру және кәсіби даму жолдарын жоспарлау тәсілдерімен танысады.

Өтетін күні: 14 сәуір, 2026 жыл

Уақыты: 15:00–16:00

Өтетін орны: Гоголь 114 көшесі, 215-конференц залы