«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 2026 жылға арналған бекітілген жоспарға сәйкес, университеттің құрылымдық бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу басталуда.
Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын орындау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, басқарушылық және ұйымдастырушылық процестерді зерделеу бойынша тиімді шараларды әзірлеу.
Талдау жүргізілетін бөлімшелер:
- Тұлға қалыптастыру департаменті;
- Академиялық саясат және сапа қамтамасыз ету департаменті.
Талдау жұмыстарының уақыты: 20 сәуір – 3 маусым, 2026 жыл.
Аталған жұмыстарды орындау үшін арнайы жұмыс тобы құрылған. Барлық қажетті ақпараттар мен құжаттарды ұсынуға және талдау процесіне барынша қолдау көрсетуді сұраймыз!
