Құрметті студенттер!

23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай Ақпараттық технологиялар және кітапхана ісі кафедрасы «Кітап – рухани қазына: заманауи көзқарас» атты танымдық кездесуін ұйымдастырады .

Кездесудің мақсаты – студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, заманауи кітапхана мәдениетін қалыптастыру және жастар арасында рухани құндылықтарды насихаттау.

Іс-шараға Белгілі медиа тұлға, «Жайдарман» ойындары арқылы көпшілікке танымал, сондай-ақ қоғамда кітап оқу мәдениетін ілгерілетіп жүрген «Кітапхана» жобасының негізін қалаушы – Хамит Ердехан қадірлі қонақ ретінде арнайы шақырылды.

Өтетін күні: 21 сәуір, 2026 жыл

Уақыты: 14:00

Мекенжайы: Сералы Қаниев атындағы кітапхана, Конференция залы .