Құрметті PhD докторанттар, магистранттар және жас ғалымдар!
2026 жылғы 21–23 сәуір аралығында Жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің ұйымдастыруымен PhD докторанттары мен ғылыми жетекшілерге арналған ғылыми семинарлар сериясы өтеді.
Бағдарлама 3 негізгі бағытты қамтиды:
- Scopus және Web of Science: зерттеу әдіснамасынан бастап нәтижелі жарияланымға дейін;
- Докторлық диссертацияны сәтті қорғау жолдары: талаптар, PhD жаңа форматы;
- Академиялық принциптер: ғылыми мақалалар мен диссертациялар жазудағы халықаралық стандарттар.
Семинар барысында ғылыми зерттеуді жоспарлау, академиялық жазу дағдыларын дамыту және халықаралық деңгейде жарияланым жасау бойынша практикалық білім беріледі.
Іс-шараның бағдарламасын сілтемеге өтіп көре аласыздар: https://drive.google.com/file/d/1V6nl4mRfmmlfO3y04yg5rApxFkcEUyW3/view?usp=sharing
Уақыты: 21–23 сәуір, 2026 жыл
Өтетін жері: Бөгенбай батыр көшесі 142, 501-аудитория
