Құрметті студенттер! Тұлға қалыптастыру департаменті, Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығы «Өмір – біртұтас жүйе: мансап, қоғамдық жобалар мен спортты үйлесімді ұштастыру жолдары» тақырыбында мотивациялық кездесу ұйымдастырады.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің тұлғалық дамуына серпін беру, мансап пен жеке өмір арасындағы теңгерімді сақтауды үйрету және табысты тұлғалардың тәжірибесі арқылы жастарды ынталандыру.

Аталған іс-шараның қонағы – NNEF ұйымының цифрлық трансформация жөніндегі директоры, IT-архитектор, Қазақстандағы IT-архитекторлар қауымдастығының тең құрылтайшысы, Women in Tech Kazakhstan қауымдастығының өкілі Лаура Саламат.

Кездесу барысында спикер мансаптағы алғашқы қадамдар, қоғамдық белсенділіктің маңызы, спорттың жеке тиімділік пен тәртіп қалыптастырудағы рөлі, сондай-ақ уақытты тиімді басқару мен дұрыс шешім қабылдау жолдары туралы тәжірибесімен бөліседі.

Өтетін күні: 30 сәуір, 2026 жыл

Уақыты: 15:00 – 16:00

Өтетін орны: Гоголь 114 көшесі, 215-конференция залы