Құрметті әріптестер! Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан гранттық қаржыландыру бойынша келесі конкурстар жарияланғаны туралы хабарлаймыз:

1. 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурс

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 16.10.2024 – 17.10.2024 (қоса алғанда)

Конкурстық құжаттама - ГФ 10

2. 2025-2027 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурс

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 05.09.2024 – 04.10.2024 (қоса алғанда)

Конкурстық құжаттама - Жас Ғалым

3. 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурс

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 09.09.2024 – 09.10.2024 (қоса алғанда)

Конкурстық құжаттама - ҒҒТҚН коммерцияландыру

Сіздерді жоғарыда аталған гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысуға шақырамыз!

Өтінімдерді рәсімдеу және беру бойынша оффлайн форматта ақпараттық сессиялар мен консультациялар өтіледі:

Сейсенбі сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін

Бейсенбі сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін

Өтетін орны: Бірінші корпус, 2 қабат, 215 кабинет (конференц зал)

Өз идеяларыңызды жүзеге асыру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!