Құрметті студенттер, оқытушылар және серіктестер!

19 қараша күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Сіздерді  жыл сайын өтетін «Startup Tomiris» байқауының DemoDay іс-шарасына шақырады!

Байқаудың мақсаты: Университетіміздің студенттерінің стартап бастамаларын қолдау және дамыту, оларға жеке әрі кәсіби өсу мүмкіндігін беру.

Биыл «Startup Tomiris» байқауы ерекше форматта өтеді.

Алғаш рет «MobyDev» академиясымен бірлесіп акселерациялық бағдарлама қосылды.

 Бұл – қатысушыларға үлкен мүмкіндік!

Сайыстың жүлде қоры – 10 000 000 теңге! 

Идеяларын  іске асыруға дайын қатысушыларды қолдап, қызықты презентациялардың куәсі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.

Өтетін күні: 19 қараша 2024 жыл

Уақыты: 10:00
Өтетін орыны: Гоголь көшесі 114,  № 1 оқу ғимараты, акт зал.

Сіздерді «Startup Tomiris» байқауының DemoDay іс-шарасында күтеміз!